Бибісара Асаубаева шахматшылардың әлемдік рейтингінде алғаш рет үздік бестікке енді

01.07.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Sportarena.kz мәліметінше, 22 жастағы Бибісара жаңартылған рейтингте 2538 ұпай жинап, бірден екі сатыға жоғарылады. Осылайша, ол өз мансабында алғаш рет әлемнің ең үздік бес шахматшысының қатарына енді.

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингтің алғашқы төрт орнын Қытай шахматшылары иеленіп тұр.

Рейтингтің көшін Хоу Ифань (2596 ұпай) бастап тұр. Екінші орында – Лэй Тинцзе (2566), үшінші орында – Цзюй Вэньцзюнь (2560), ал төртінші сатыда Чжу Цзиньэр (2550) орналасқан. Олардың соңынан бесінші орында қазақстандық Бибісара Асаубаева тұр.

2026 жылдың шілде айындағы әйелдер арасындағы әлемдік рейтингінің үздік ондығы:

Хоу Ифань (Қытай) – 2596 ұпайЛэй Тинцзе (Қытай) – 2566 ұпайЦзюй Вэньцзюнь (Қытай) – 2560 ұпайЧжу Цзиньэр (Қытай) – 2550 ұпайБибісара Асаубаева (Қазақстан) – 2538 ұпайАлександра Горячкина (Ресей) – 2536 ұпайАнна Музычук (Украина) – 2529 ұпайХампи Конеру (Үндістан) – 2524 ұпайТань Чжунъи (Қытай) – 2517 ұпайАлександра Костенюк (Швейцария) – 2508 ұпай

Бұған дейін Бибісара Асаубаеваға президент атынан мемлекеттік награда табыс етілгенін жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью