Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінің екінші партиясында да қарсыласымен тең түсті

30.03.2026

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Екінші турда отандасымыз ресейлік Александра Горячкинамен тең түсіп, турнирдегі кезекті ұпайын еншіледі. Жерлесіміз ақ тастармен ойнады.

Алғашқы турда да Асаубаева үндістандық Вайшали Рамешбабумен тең ойнаған болатын.

Алдағы кездесулерде  жерлесімізді Қытайдың екі өкілі - Чжу Цзиньэр мен Тань Чжунъимен болатын ойын күтіп тұр.

Жалпы, Үміткерлер турнирі айналмалы жүйе бойынша екі кезеңнен тұрады. Бибісараның қарсыластары қатарында үндістандық Дивья Дешмукх, ресейлік Екатерина Лагно және украиналық Анна Музычук та бар.

Айта кетсек, турнир жеңімпазы қазіргі чемпион, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен әлем чемпионы атағы үшін таласу мүмкіндігіне ие болады.

Бұған дейін қазақстандық баскетболшы қыздар Өзбекстан мен Қырғызстан құрамаларын ойсырата жеңіп, биылғы жылдың қыркүйек айында Таиландта өтетін Азия кубогына жолдама алғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью