Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ол спортшы Бибісара Асаубаеваның ҚР Туризм және спорт министрлігінің "Спортты дамыту дирекциясы" ұйымы арқылы бюджеттен жалақы алатынын растады.
"2024 жылға дейін оның жалақысы 1 миллион теңге болып келді. Ал 2025 жылдан бастап, өзі атап өткендей, жалақысы төмендеді. Мен мұны растаймын. Себебі, шахмат 46 басым спорт түрлерінің тізіміне енбей қалған. Біз өткен жылы 46 басым спорт түрін нақты айқындайтын жаңа заңнаманы енгіздік. Оған Олимпиада ойындары, Паралимпиада ойындары, ұлттық спорт түрлері, Азия ойындары бағдарламасына кіретін олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері енді. Өкінішке қарай, осы қыркүйекте өтетін Азия ойындарының бағдарламасында шахмат жоқ. Осыған байланысты біз заңнама талаптарына бағына отырып, оның бұған дейін алып келген жалақысын төлей алмаймыз", - деді Серік Жарасбаев.
Бұған дейін Бибісара Асаубаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгініп, көмек сұраған видеосын жариялаған болатын. Шахматшы жыл сайын спорт министрлерімен қатынасу қиынға соғып бара жатқандығын айтады.