Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Кипрде әлемдік шахмат жұлдыздарының жарысы басталды. 15 сәуірде мәресіне жететін дүбірлі аламанға алғаш рет еліміздің шахматшысы қатысуға мүмкіндік алды. Блицтен әлемнің үш дүркін чемпионы Бибісара Асаубаева төрткүл дүниеге танымал саңлақтармен бірге додаға түседі.
Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ерлер мен әйелдер арасындағы үміткерлер турнирін жыл сайын ұйымдастырады. Нәзік жандылар додасында 35 жастағы қытайлық Цзюй Вэньцзюнь бастаған саңлақтар бар. Қытай қызы 2018 жылдан бері осы турнирдің чемпиондық тәжін ешкімге ұстатпай келеді. Оның жерлестері 2024–2025 жылдардағы гран-при сериясында жеңімпаз атанған Чжу Цзиньэр, әлем кубогінің қола жүлдегері Тань Чжунъи де тартысқа түседі. Ресейлік Александра Горячкина (гран-при сериясының күміс жүлдегері), 2024–2025 жылдардағы FIDE Women’s Events сериясының жалпы есебінде 2-орын иеленген украиналық Анна Музычук, блицтен үш дүркін әлем чемпионы ресейлік Катерина Лагно, әлем кубогінің иегері үндістандық Дивья Дешмух пен оның отандасы Вайшали Рамешбабу да бағын сынайды.
Бибісара бірінші айналымда осы Вайшали Рамешбабумен тең түсті. Үндістандық шахматшы былтыр Грузияның Батуми қаласында өткен әлем кубогінің ширек финалында Меруерт Қамалиденованы ұтқан еді.
Әйелдер арасындағы әлемдік тәж үшін өтіп жатқан үміткерлер турнирі 1952 жылдан бері ұйымдастырылады. Қатысушылар 14 турды айналмалы жүйемен өткізеді. Уақыт бақылауы классикалық: алғашқы 40 жүріске 90 минут, содан кейін партия аяқталғанша 30 минут, сонымен қатар әр жүрістен бастап 30 секунд қосылады.Турнирдің жүлде қоры – 300 мың еуро. Чемпион атанған саңлақ 28 мың еуро алса, 2-орын алған шахматшыға 17 мың еуро, 3-орынды еншілегенге 8 600 еуро сыйақы бұйырады. Егер ұпай саны тең болса, ақшалай жүлде қоры теңдей бөлінеді.
Шахматпен 18 жылдан бері тұрақты айналысып келе жатқан 22 жастағы жерлесіміз Б.Асаубаева былтыр гроссмейстер атанды, 2020 жылы халықаралық шебер атағы берілсе, 2019 жылы әйелдер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізді. Жеті жасында-ақ қатарластарынан қара үзіп, әлем чемпионы атанған талантты қыз ересектер қатарына өтіп, блицтен 2021, 2022, 2025 жылдары үш дүркін әлем чемпионы атағын қанжығасына бөктерді. 2023 жылы өткен әлем чемпионатында, сондай-ақ 2024 жылы ұлттық құрама сапында шахмат олимпиадасында күміс медаль еншіледі. Былтыр FIDE-нің «Women’s Grand Swiss» турнирінде қола медальға ие болды.
Соңғы жаңалықтар
Қор нарығында доллар арзандады
Қаржы • Бүгін, 09:28
Көктемгі дала жұмысы қарқын алды
Шаруашылық • Бүгін, 09:10
Ауыл • Бүгін, 09:05
Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00
Кәсіпкер • Бүгін, 08:58
Digital • Бүгін, 08:55
Білім • Бүгін, 08:53
Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп
Білім • Бүгін, 08:50
Пластик қалдығы пайдаға жарады
Аймақтар • Бүгін, 08:48
Қалқанша безі түйіндерін емдеудің тың тәсілі
Медицина • Бүгін, 08:45
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Театр • Бүгін, 08:40
Руханият • Бүгін, 08:38
Шипа іздеп шетел асудың қажеті жоқ
Медицина • Бүгін, 08:35
«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»
Руханият • Бүгін, 08:32