Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: BILD
Ұлыбританияның «National Lottery» лотереясынан 12 млн фунт стерлинг (шамамен 7,2 млрд теңге) ұтып алған Кэт Мейн есімді азаматша қазіргі уақытта өзінің жеңімпаз екенін банк чектері мен дүкендегі бейнебақылау камералары арқылы дәлелдеуге мәжбүр.
BILD мәліметінше, жолы болған лотерея билетін оған анасы сатып әперген. Ұтыс ойыны өткеннен кейін зейнеткер әйел нәтижені Londis дүкендер желісіндегі арнайы терминал арқылы тексермек болған. Терминал ұтыс жоқ деген хабарлама көрсеткендіктен, билет қажетсіз деп есептеліп, қоқыс жәшігіне тасталған.
Кейінірек лотереяның ресми операторы 2026 жылғы 6 маусымдағы 12 млн фунттық джекпоттың әлі күнге дейін ешкімнің тарапынан талап етілмегенін хабарлады.
Осыдан кейін Кэт Мейн жарияланған ұтыс нөмірлерін өзі таңдап жүрген сандармен салыстырған. Белгілі болғандай, ұтысқа түскен барлық сандар оның соңғы 20 жыл бойы өзгеріссіз таңдап келген комбинациясымен толық сәйкес келген.
Ол бірден анасына хабарласқан. Анасы билетті сатып алғанын растағанымен, оны тексерген терминалдың қате көрсеткенін тағы да айтқан.
Әлеуметтік желідегі заңсыз ұтыс ойындарына қатысты тексеріс басталды
Қазір британиялық әйел жеңімпаз комбинацияның иесі екенін ресми түрде дәлелдеуге тырысып жатыр. Алайда оның қолында билеттің түпнұсқасы жоқ болғандықтан, басқа дәлелдер пайдаланылып жатыр.
«Ол лотерея операторына билетті сатып алғанын растайтын банк түбіртегін және анасының дүкенге барғаны түсірілген бейнебақылау камераларының жазбаларын ұсынды», деп хабарлайды дереккөз.
Лотерея компаниясы бұл оқиғаға байланысты ішкі тексеру басталғанын растады. Дегенмен заңгерлер қағаз билетсіз ұсынылған жанама дәлелдердің жеткілікті болатынына күмән келтіріп отыр.
12 миллион фунт стерлинг көлеміндегі джекпотты төлеу туралы түпкілікті шешімді ұйымдастырушылар 30 күн ішінде қабылдауы тиіс.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Айдахо штатында тұратын Роберт Биван соңғы 30 жыл ішінде лотереядан 18 рет жеңіске жеткенін жазған едік.