Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
ТЫМ СОЗЫЛЫП БАРА ЖАТҚАН РЕФОРМА Бүгінгі Ұлттық Құрылтай отырысы жайлы бірер сөз Шынын айту керек, және ол туралы біз жазғанбыз, қоғамда бірпалаталы Парламенттің қажеттілігіне қатысты ортақ мәміле бар.
Қазақстан демократтары ол туралы өткен ғасырдың аяғынан айтып келеді.
Сол себепті әңгімені басқа тақырыптарға бұрмай, тым тереңдетпей-ақ, барша жұрт қолдайтын референдум өткізе салуға болар еді.
Алайда осыдан төрт жыл бұрын ғана Ата Заңды өзгерткен билік «тағы да конституциялық реформа жасау керек» деп сау басына сақина тілеп алды деп ойлаймын.
Ең бастысы сол: меніңше, әлі де биліктің өз ішінде осы реформаның нақты нұсқасына қатысты ауызбіршілік жоқ сияқты.
Егер де ондай ортақ пайым болғанда, президент бүгін референдум жариялап жіберер еді емес пе? Олай болмады.
Тағы да талқылау болады, сол үшін арнайы Конституциялық комиссия құрылмақшы. Енді нақты жайттарға келсек.