Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Білім, ғылым және жоғары технология саласына қомақты инвестиция салынады.
Себебі адам капиталының сапасын арттыру – маңызды міндет. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы осылай деген еді. Ол бастысы – барлық жоспарды форумдардың көлеңкесінде қалып қоймауы керектігін атады. Сондай-ақ Президент соңғы кездері жекеменшік мектептерді қаржыландыру тәсіліне қатысты шағымдардың жиі түсетінін айтты. Сондықтан олқылықтарды түзетіп, саладағы түйткілді уақыт оздырмай шешу қажеттігін жеткізді. Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке білім беру саласындағы мемлекеттік қаржыландыру жүйесін шұғыл түрде реформалауды тапсырды.