Білім берудегі заманауи мүмкіндік: TopIQ электронды платформасының тиімділігі

13.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оқу үдерісіндегі жаңалықтармен бөлісе келе, сабақ барысында АКТ құралдарын қолдану заман талабы екендігін айта кеткіміз келеді. Бұл ретте аталған платформада электронды оқулықтарды қолдану тиімділігі өте жоғары деуге болады.

Платформаның басты ерекшелігі – оның интерактивтілігінде. Мұнда оқушының білім деңгейіне сай теориямен қатар жеке тапсырмалар да ұсынылған. Платформа мұғалімдер үшін оқушылардың үлгерімін бақылап, тапсырмалар беруге және оны тексеруге мүмкіндік береді. Ал балалар үшін теорияны оқи отырып, өз бетінше практикалық жұмыстар жасауға, оқу барысын талдауға жағдай жасайды. Сонымен қатар бұл жүйе қашықтықтан оқыту кезінде де сапалы білім алуға септігін тигізді. Ол оқушылардың білім алуын жеңілдетіп, оқу үдерісін қызықты әрі тиімді ұйымдастыруға, білімді жақсы меңгеруге ықпал етті.

Биыл білім беру ұйымдарының өнерпаздары 1 200-ден астам жүлделі орын иеленді

Электронды оқулықтың тағы бір артықшылығы – оған компьютер, планшет немесе смартфон арқылы кез келген уақытта қол жеткізуге болады. Бұл оқушыларға сабаққа дайындалуға, үй тапсырмасын орындауға және білімін өз бетінше толықтыруға қолайлы жағдай туғызады.

TopIQ платформасының бастауыш сынып оқушыларына пайдасы:

Біріншіден, интерактивті тапсырмалар мен ойын элементтері арқылы бала сабаққа қызығып, оның оқуға деген ынтасы қалыптасады.

Екіншіден, суреттер, бейнероликтер және қарапайым түсіндірмелер арқылы жаңа тақырыптарды оңай меңгеріп, түсіну үдерісі жеңілдейді.

Үшіншіден, бала тапсырмаларды өзі орындап, жауапкершілікке үйренеді және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.

Төртіншіден, әр оқушы өз деңгейіне қарай тапсырма орындайды. Біреу тез, біреу баяу орындағанымен, жеке қарқынмен оқу бәріне бірдей ыңғайлы.

Бесіншіден, тесттер мен тапсырмалар баланың ойлау қабілетін, есте сақтауын жақсартып, логикалық ойлауын дамытады.

Digital Qazaqstan: Білім жүйесін не күтіп тұр?

Мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «8 минуттық кітап оқу» жобасы жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Енді кітапханада балалар көркем әдебиет кітаптарын оқумен қатар, жеке TopIQ платформасындағы оқу кітаптарын да кеңінен пайдалана алады.

TopIQ электронды платформасы бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығына айналды және олардың оқу дағдыларына тікелей оң әсер еткені байқалды: мәтін, тапсырма және бейнесабақтар арқылы балалар жаңа сөздерді меңгеріп, сөздік қоры көбейді. Дұрыс сөйлеуге үйреніп, мәтіндерді оқу және тыңдау арқылы сөйлем құрау қабілеті артты. Жылдам әрі дұрыс оқу дағдысы қалыптасып, мәтінді түсініп оқуға машықтанды. Баланың зейіні мен есте сақтауы жақсарды. Ойын элементтері арқылы бала өзін сенімді сезініп, тиянақты жазуға дағдыланды, оқуға деген мотивациясы артты.

Ал жоғары сыныптарда платформаның мазмұны заңды түрде күрделене түседі:

Тақырыптарды жүйелі, ретімен әрі түсінікті түрде береді; Теория мен тапсырманы бір уақытта қатар ұсынады; Білімді бірізді қалыптастыруға көмектеседі.

Бір ерекшелігі – бұл жүйе оқушының үйде емтиханға дайындалуына зор ықпал жасайды. Жоғары сыныпта оқушылар өз бетімен тақырыптарды қайталау арқылы ҰБТ-ға дайындала алады. Оған қоса, бала өз оқуында қай жерде қиналып жатқанын анық көре алатындықтан, бұл жеке жұмыс жасауға өте ыңғайлы.

Цифрлық білімнің артықшылығы неде?

TopIQ – ата-анаға баласының оқуын бақылауға, бағыттауға және қолдауға көмектесетін ыңғайлы цифрлық құрал. Сондай-ақ, логопед, дефектолог мамандарына жүгінетін ата-аналар үшін де бұл электронды платформа таптырмас көмекші бола алады. Өйткені мұнда визуалды тапсырмалар, тыңдалым материалдары және балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты арнайы кітаптар толық қамтылған.

Бұл құрал оқушылардың оқу техникасы мен қызығушылығын айтарлықтай арттырды. Мәселен, өлеңді мәнерлеп оқу арқылы есте сақтау, жаттау қабілеттерін дамытқан 2 «Д» сынып оқушысы Талпова Руфейда қалалық «Бала Абай» байқауында жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Платформа оқушылардың білім сапасының артуына да үлкен үлес қосты. Тоқсандық білім сапасының қорытындысында нақты өсу динамикасы бар екендігі байқалды. Оқыту сапасын арттырып, оқушылардың цифрлық сауаттылығын дамытуға және білімді тиімді меңгеруге мүмкіндік берген TopIQ платформасы біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Астана қаласы

«Ф.Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы»

математика-информатика пәні мұғалімі Сәбит Зере Серікқызы,

бастауыш сынып мұғалімі Салменова Акерке Каирмагамбетовна

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью