Білім грантына тапсырғандардың нәтижесі қашан шығатыны белгілі болды

22.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда 2026-2027 оқу жылына арналған білім беру гранттары конкурсына қатысу үшін 127 мыңға жуық талапкер өтініш тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп.

Биыл бакалавриатқа 75 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлінді. Оның 60%-ы инженерлік, өңдеу және құрылыс саласындағы мамандықтарға, 20%-ы педагогикалық бағыттарға, ал қалған 20%-ы еңбек нарығының сұранысына сәйкес басқа мамандықтарға қарастырылған.

Министрліктің мәліметінше, талапкерлер ең көп таңдаған бағыттар қатарында «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары», «Педагогикалық ғылымдар» және «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бар.

Сонымен қатар биыл аудармашы, дипломат, заңгер, психолог және мұғалім мамандықтарына бір грант орнына түсетін бәсеке жоғары болады деп күтілуде.

Білім беру гранттарын тағайындау туралы түпкілікті шешімді мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен қоғам белсенділері кіретін Республикалық конкурстық комиссия қабылдайды.

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью