Білім ғылымды дамытуға айырықша мән беріледі

11.11.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан ғылымды дамытуға айырықша мән беріп отыр. Соңғы 6 жылда салаға бөлінетін қаржы көлемі үш есе ұлғайды.

Елде зерттеу университеттерінің саны артты. «Ғылым және технологиялық саясат туралы» жаңа заң қабылданып, Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Мемлекет тарапынан ғалымдарға, әсіресе жас зерттеушілерге барынша қолдау көрсетіліп жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Соңғы жылдары Қазақстанның ірі бизнес өкілдері жоғары білім мен ғылымға көбірек қолдау көрсете бастады. Зерттеушілер мен өндіріс ошақтарының ықпалдастық жүйесі қалыптасып келеді. Жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда технологиялық трансфер кеңселерін құру осы бағыттағы перспективті қадам болар еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью