Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.
Отырыс барысында Аида Балаева білім беру қоғамның аса маңызды бағыты екеніне тоқталды. Жаңа Конституция жобасында білім саласының мәні айқындалып, маңызды құндылық ретінде көрініс тапқанын атап өтті. Сонымен қатар Премьер-министр орынбасары Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданғанын тілге тиек етті. Бұл құжат елдегі әрбір баланы қамтып, қауіпсіздікке, сапалы білімге, денсаулыққа, отбасына және әлеуметтік қорғауға қатысты негізгі мемлекеттік шараларды бірыңғай жүйеге біріктіреді.
Жиында білім саласындағы жетістіктер де аталды. Қазақстан әлемдегі халық санына шаққанда оқушылары ең көп 10 елдің қатарына енген. Сонымен бірге алқалы жиында саладағы өзекті мәселелер де қозғалды. Осы орайда Аида Балаева мектепке дейінгі және бастауыш білімнің сапасын арттыруды тапсырды. Мектеп оқулықтарына талдау жүргізіп, оларды балалардың жас ерекшелігіне сай әзірлеу керектігін және педагогтердің біліктілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Аида Балаеваның пікірінше, балаларға баса назар аударып, олардың сыни ойлау қабілетін дамыту және алған білімін тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастыру – негізгі міндет.
Жиында педагогтердің ЖИ технологияларын меңгеруі мәселесіне ден қойылып, мұғалімдерді қайта даярлау қажеттігі де қозғалды. Осыған байланысты барлық бейінді педагогикалық жоғары оқу орындарында жасанды интеллект факультеттерін ашу тапсырылды.
Бұдан бөлек вице-премьер техникалық және кәсіптік білім жүйесін де қайта қарау қажеттігін мәлімдеді. Атап айтсақ, қаржыландыру тетігін жетілдіру, еңбек нарығын жүйелі зерттеу және дуальды оқыту үлгісін енгізу бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.
Алқа отырысында инклюзивті білім мәселесі де айрықша аталып өтті. Үкімет басшысының орынбасары ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқытуға барлық жағдай жасалуы керектігін ерекше атап өтті. Кадр тапшылығын шешу мақсатында бейінді кафедралар ашу, инклюзия бойынша міндетті пәндерді енгізу және педагогтерді қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар Премьер-министр орынбасары Оқу-ағарту министрлігіне қолданыстағы оқулықтарды іріктеу тәсілдерін шұғыл түрде қайта қарап, оларды әзірлеу мен сараптау сапасын арттыруды тапсырды.
Аида Балаева тәрбие мен идеологиялық жұмысты күшейту мәселесіне де арнайы тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыстар Президент бекіткен Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары мен құндылықтарына негізделуге тиіс екені аталып өтті.
Жиын барысында Жұлдыз Сүлейменова баяндама жасады. Оқу-ағарту министрі саладағы өткен жылғы қызмет қорытындысына тоқталып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен басым бағыттарды таныстырды.
Соңғы жаңалықтар
Тұлға • Бүгін, 08:20
Сұхбат • Бүгін, 08:15
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Аймақтар • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Аймақтар • Бүгін, 07:58
Мирас • Бүгін, 07:55
Өнер • Бүгін, 07:50
Басылым • Бүгін, 07:45
Аймақтар • Бүгін, 07:40
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35
Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды
Қоғам • Бүгін, 00:28
Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті
Қаржы • Бүгін, 00:13
Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Аймақтар • Бүгін, 00:05