Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім

12.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.  Бұл  еліміздің білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық шешім. Жаңа құжат – әрбір оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.

Шындығында, жасанды интеллект мүмкіндіктері,  әсіресе  шалғай өңірлердегі ауыл мектептеріне тың серпін береді. Сондай-ақ оқушылардың жеке даму білім траекториясы, мұғалімдердің кәсіби дамуы, заманауи цифрлы инфрақұрылым, жоғары жылдамдықты интернет –  мұның барлығы білім сапасындағы алшақтықты азайтып, жаңа мүмкіндіктер кезеңіне жол ашады. Ең бастысы, Жарлықта педагог мәртебесі мен ұстаз рөліне айрықша мән берілген.  Жасанды интеллект педагогті алмастырмайды, керісінше оның жұмысын жеңілдететін қосымша құралға айналады.

Білім саласында алдымызда тұрған ауқымды міндеттер көп. Алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілетін болады. Біздің мақсат –  жасанды интеллектіні елдің адами капиталы мен болашақ ұрпақтың әлеуетін арттырудың нақты құралына айналдыру.

Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА,

Оқу-ағарту министрі

Соңғы жаңалықтар

Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген

Президент • Бүгін, 21:10

Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім

Президент • Бүгін, 21:05

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Форум • Бүгін, 20:50

Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 20:20

Жаһандық қаржы институттары Астанада бас қосты

Елорда • Бүгін, 20:04

Жетісу облысында полиция қызметкеріне қол көтерген тұрғын жазаланды

Оқиға • Бүгін, 19:45

Жасанды интеллект орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының біріне айналады

Жасанды интеллект • Бүгін, 19:19

Жасанды интеллект әр сыныпта: Президент Жарлығы орта білім беруді ауқымды цифрландыруды бастайды

Президент • Бүгін, 19:06

Қазақ ауыр атлеттері әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Спорт • Бүгін, 18:56

Михаил Шайдоровтан жеңілген Илья Малинин спорттан үзіліс алатын болды

Спорт • Бүгін, 18:20

Сипап айтылған бесік жыры: Көру қабілеті нашар аналар арасында ерекше байқау өтті

Қоғам • Бүгін, 18:15

Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу туралы Жарлыққа қол қойды

Президент • Бүгін, 18:05

Құлсарыда сенбілікке шыққан «ҚазТрансОйл» қызметкері қайтыс болды

Оқиға • Бүгін, 18:02

Жетісу облысында полицейге шабуыл жасаған тұрғын 2 жылға сотталды

Заң • Бүгін, 17:47

Қазақстанда жазда құрғақшылық болуы мүмкін: Министрлік қауіпті аймақтарды атады

Шаруашылық • Бүгін, 17:46

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью