Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл құжат білім саласын цифрлық дәуір талаптарына бейімдеуге бағытталған маңызды қадам.
Себебі мектеп – елдегі ең ауқымды әлеуметтік жүйелердің бірі. 2024–2025 оқу жылының басында елімізде шамамен 8 мың мектеп, 3,9 миллионнан аса оқушы және 406 мың мұғалім болды. Демек, жасанды интеллектіні білім саласына енгізу белгілі бір шағын тәжірибелік алаңмен шектелмейді. Бұл – әрбір отбасыға тікелей әсер ететін ауқымды өзгеріс.
Президент көтерген бастаманың негізгі мәні – жасанды интеллектіні нақты білім мәселелерін шешуге көмектесетін құрал ретінде пайдалану. ЖИ баланың біліміндегі олқылықтарды ерте анықтауға, жеке тапсырмалар ұсынуға, оқу қарқынын бақылауға, мұғалімге тек қорытынды бағаны емес, оқушының сол нәтижеге қалай жеткенін көруге көмектеседі. Мысалы, бала белгілі бір есеп түрінен жиі қателессе, цифрлық жүйе оның себебін лезде анықтап береді. Осылайша, оқыту әр баланың жеке ерекшелігіне бейімделе түседі.
Сонымен қатар Президент тапсырмасында жасанды интеллектінің мұғалімді алмас-тыратын емес, оның жұмысын күшейтетін қосымша құрал болуға тиіс екені басты назарға алынған. Бұл да – өте орынды әрі жауапты ұстаным. Ең озық технологияның өзі ұстаздың тәжірибесін, балаға деген жанашырлығын, тәрбиелік ықпалын, шынайы қарым-қатынасын алмастыра алмайтыны сөзсіз. Керісінше, технология мұғалімді қағазбастылықтан, қайталанатын техникалық жұмыстан жеңілдетіп, педагогтің басты миссиясына, яғни балаға білім беру мен тұлға қалыптастыру ісіне көбірек көңіл бөлуіне жағдай жасағаны жөн.
Мектептерімізде мұндай өзгерісті жүзеге асыруға қажетті әлеует бар. PISA деректеріне сүйенсек, еліміздегі оқушылардың 77 пайызы математика мұғалімі әр баланың оқуына шынайы қызығушылық танытатынын айтқан. Ал 82 пайызы мұғалім қажет кезде қосымша көмек көрсететінін атап өткен. Бұл – ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткішінен жоғары нәтиже. Демек, мектептеріміздің басты артықшылығы – мұғалім мен оқушы арасындағы сенім мен адамдық байланыс. Сондықтан технологияның мақсаты мұғалімді алмастыру емес, оның мүмкіндігін күшейту.
Жасанды интеллект мұғалімге оқушылардың үлгерімін талдауға, оқу материалдарын таңдауға, әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар әзірлеуге, сабақ барысын тиімді жоспарлауға көмектесе алады. Бірақ баламен қалай сөйлесіп, оның ынтасын қайтіп ояту керектігін бәрібір мұғалім шешеді. Сондықтан жаңа реформадағы басты тұлға бұрынғыдай ұстаз болып қала бермек.
Мемлекет басшысы ауыл мектептеріне де ерекше назар аударып отыр. Бұл да құжаттың әлеуметтік салмағын арттыра түседі. Қала мен ауыл баласының білім мүмкіндіктеріндегі айырмашылық көбіне инфрақұрылымға, заманауи ресурстарға және интернет сапасына байланысты. Кейінгі жылдары осы бағытта елеулі ілгерілеу бар. Ұлттық баяндама деректеріне сәйкес, 2022 жылы интернетке қосылған мектептер саны 2 306 болса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 7 120 мектепке жеткен.
Сондықтан қанатқақты жобаға қатысатын мектептерді 2026 жылдың 1 тамызына дейін қажетті техникамен және тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырма реформаның өзегіне айналып отыр. Мұндағы мақсат мектептерді тек компьютермен немесе интернетпен қамтамасыз ету емес. Ең бастысы – заманауи білім беру мүмкіндіктері ірі қаладағы таңдаулы мектептермен ғана шектелмей, ауыл мен өңірдегі оқушыларға да бірдей қолжетімді болуы. Осылайша, цифрлық жаңғыру білім сапасындағы алшақтықты азайтып, әлеуметтік теңдікті күшейтудің нақты тетігіне айналмақ.
Бұл бастама мектеп инфрақұрылымын жаңарту бағытындағы ауқымды жұмыстармен де сабақтасып жатыр. 2026 жылы химия, физика, биология, роботтехника және STEM бағыттары бойынша 1000 заманауи пән кабинетін жабдықтау жоспарланып отыр. Ал 2029 жылға дейін 1 300 мектепті, соның ішінде 900 ауыл мектебін жаңарту көзделген.
Жаңа технологияны енгізуде ортақ тәртіп пен айқын талаптың болуы да аса маңызды. 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолдану стандарттары бекітілуге тиіс. Бұл стандарттар білім беру контентін әзірлеу, оқу нәтижелерін бағалау және академиялық адалдықты сақтау мәселелерін қамтиды.
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Зүлфия Төребекованың айтуынша, жасанды интеллект орта білім беру жүйесінде оқытуды дараландыруға, педагогтердің жұмысын жеңілдетуге және оқушылардың цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстар жаңартылған білім беру стандарты мен оқу бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатыр. Ал 2025–2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері кезең-кезеңімен енгізіле бастады.
«Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізуде Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея, Эстония және Финляндия сияқты елдердің тәжірибесін зерттеп отыр. Бұл мемлекеттер оқытуды дараландыру, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, мұғалімдердің ЖИ құзыреттерін арттыру және оқушылардың цифрлық сауаттылығын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Сонымен қатар UNESCO, OECD және UNICEF ұйымдарының жасанды интеллектіні білім беру саласында қауіпсіз әрі этикалық қолдану жөніндегі ұсынымдары да ескеріледі. Мәселен, Қытай тәжірибесі ЖИ элементтерін мектепке ерте енгізуімен және мұғалімдерді жүйелі даярлауымен ерекшеленсе, Сингапур мен Оңтүстік Корея цифрлық экожүйені дамытуға басымдық береді. Қазақстан осы тәжірибелерді сол күйінде көшіруді емес, ұлттық білім беру жүйесіне бейімдеуді көздейді», деді Зүлфия Төребекова.
Тағы бір маңызды мәселе – оқушылардың дербес деректерінің қауіпсіздігі. Мектептерде баланың үлгерімі, оқу қарқыны, қабілеті, пәндер бойынша жетістігі мен қиындықтары туралы үлкен көлемдегі мәлімет жинақталады. Жасанды интеллект жүйелері осындай деректермен жұмыс істейтіндіктен, олардың қорғалуы ерекше назарды талап етеді. Сондықтан оқушылардың жеке деректерін қорғауды күшейту жөніндегі тапсырма реформаның тек технологиялық емес, құқықтық және қауіпсіздік тетіктері де қатар қарастырылып жатқанын көрсетеді.
Президент тапсырмасының басты ерекшелігі – бірнеше бағытты бір жүйеге біріктіруінде. Біріншісі – стратегиялық бағыт. Мұнда елдің адам капиталын күшейтіп, болашақ ұрпақтың білім сапасын арттыру мақсаты тұр. Екіншісі – басқару деңгейі. Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге нақты мерзімдер, міндеттер және жауапкершілік жүктеледі. Үшіншісі – мектептің күнделікті жұмысы. Яғни қабылданған шешімдердің нәтижесі ең алдымен оқушының біліміне, мұғалім жұмысының сапасына және сыныптағы оқу үдерісіне әсер етуі керек.
Соңғы жаңалықтар
Депутат Қазақстанда тыңайтқыш өндірісін ұлғайтуды ұсынды
Шаруашылық • Бүгін, 08:27
Заңсыз көлік тізгіндеген жасөспірім TikTok-тан анықталған
Оқиға • Кеше
Францияда 1700-ден астам адам карантинге алынды: Хантавируспен байланысы бар ма?
Әлем • Кеше
14 мамырда бірқатар өңірлерде ауа райы күрт өзгереді
Ауа райы • Кеше
Қазақстанда Tesla Cybertruck базасындағы көліктер алғаш рет штабтық қызметтерге қолданылады
Технология • Кеше
Депутат: Солтүстік Аралды сақтау жобасын жеделдету қажет
Экология • Кеше
Ағза алмастыруға мұқтаждар саны артқан
Қоғам • Кеше
Астанада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жыл соңына дейін жабылады
Елорда • Кеше
Шахмат • Кеше
Мемлекет басшысы Түркия Президентін қарсы алды
Президент • Кеше
Қазақстанда инфляция қарқыны баяулады
Инфляция • Кеше
Теңгенің нығаюына қандай факторлар әсер етті?
Қаржы • Кеше
Қазақстан ЕАЭО-дағы өнеркәсіп өсімі бойынша көшбасшылар қатарына енді
Экономика • Кеше
Алаяқтардың жаңа айласы: Apple-ден келген хат сізді тақырға отырғызуы мүмкін
Қоғам • Кеше
Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
Қазақстан • Кеше