Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бірінші күннен кейін Қазақстан – Канада матчында есеп тең еді – 1:1.
Беташар ойында Юлия Путинцева Кайла Кросты 6:3, 7:5 есебімен жеңсе, Соня Жиенбаева тартысты бәсекеде 2019 жылғы АҚШ чемпионы Бьянка Андреескуге жол берген еді – 4:6, 6:7 (4:7).
Сенбі күні кортқа жұптық сынға кезек келді. Қазақстандықтар Анна Данилина мен Жібек Құламбаеваға канадалықтар бастапқыда белгіленген ойыншыларды өзгертіп, Б.Андрееску мен Кайла Кросты шығарды.
Бірінші партияда қазақстандық дуэт 7:5 есебімен басым түсті. Екінші сетте Данилина – Құламбаева 4:0 есебімен алға кетті. Ақыры ойынды жеңіспен түйіндей білді – 6:1. Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде қазақстандық жұп 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Андрееску – Кросс 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді. Осылайша, матчта Қазақстан құрамасы 2:1 есебімен алға шықты.
Енді жекелей сындағы екі кездесу қалды. Қазақстанға соның біреуінде жеңсе, жетіп жатыр.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Билли Джин Кинг кубогында Юлия Путинцеваның жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.