Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Binance ірі криптовалюта биржасы 6,3 миллиард доллар активке қауіп төндіруі мүмкін хакерлік шабуыл туралы хабарлады. Компания қаражатты енгізу мен шығаруды уақытша тоқтатып, пайдаланушылардың барлық шығынын өтейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ықтимал бұзу туралы алғашқы мәліметтер 29 қазанда пайда болды. БАҚ белгісіз әмиянға шамамен 3,5 миллиард доллар аударылғанын хабарлады. Жекелеген мамандардың бағалауынша, күдікті операциялардың көлемі бұдан да көп болуы мүмкін.
Осы хабарламалар аясында криптовалюта эмитенттері оқиғаға қатысы болуы мүмкін активтерді бұғаттай бастады.
Binance не мәлімдеді?Осыған қатысты Binance мәлімдеме жасады. Компанияның алдын ала мәліметтері бойынша, оқиға әзірлеуші инженердің ноутбугін бұзумен байланысты болуы мүмкін.
"Binance-тің алдын ала тергеуіне сәйкес, қауіпсіздік оқиғасы әзірлеуші инженердің ноутбугіне қол сұғылуымен байланысты болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Қаскөй сервистік контейнерге қол жеткізіп, қаражатты шығару үшін рұқсат етілмеген транзакциялар жіберген деп болжанады.
Компания криптоәмияндардың жабық кілттерінің ұрланғаны туралы белгілер табылмағанын атап өтті. Binance тергеу аяқталып, барлық мән-жай тексерілгеннен кейін толық техникалық есеп жариялауға уәде берді.
Алдын ала есептеулер бойынша, компания жалпы шығынды шамамен 6,3 миллиард долларға бағалады. Сонымен қатар серіктестермен бірлесіп блокчейндегі шамамен 3 миллиард долларды бұғаттау мүмкін болды.
Binance пайдаланушылардың шығынын өтеуге уәде бердіКриптобиржа өз мәлімдемесінде барлық шығынды SAFU қоры мен компанияның меншікті қаражаты есебінен өтейтінін қадап айтты. Сондай-ақ Binance пайдаланушылардың қаражаты қауіпсіз екеніне сендірді.
Сақтық шарасы ретінде платформа қауіпсіздік тексерістері кезінде қаражатты енгізу мен шығаруды уақытша тоқтатты. Компания зардап шеккен мекенжайды пайдалану рұқсатын қайтарып алып, активтерді қадағалау және қайтару үшін құқық қорғау органдары мен блокчейн-аналитика мамандарын тартты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу