Binance криптобиржасына жасалған хакерлік шабуыл Қазақстанға әсер етпеді

30.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Binance криптобиржасына жасалған хакерлік шабуыл Қазақстанның криптоқор активтеріне әсер еткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк Sputnik Қазақстанға хабарлады.

Ұлттық банк әлемдегі ең ірі криптобиржалардың бірі Binance платформасына жасалған кибершабуылға қатысты түсініктеме берді.

"Аталған жағдай криптоқор активтеріне әсер еткен жоқ", – деп хабарлады Ұлттық банк.

Реттеуші орган цифрлық активтер нарығына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, олардың сақталуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдап отырғанын атап өтті.

Еске салайық, жұмаға қараған түні Binance негізін қалаушы Чанпэн Чжао платформаның бұзылғанын хабарлаған болатын. Соған қарамастан, ол пайдаланушылардың қаражаты қауіпсіз екенін мәлімдеді.

Осы оқиғадан кейін криптобиржа ақша енгізу және шығару операцияларын уақытша тоқтатты.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью