​BINOM да оқушы қызды жаралаған жасөспірім терезеден секірмек болған

18.03.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Видеодан алынған кадр

Мектеп ғимаратындағы шабуылдан кейін жасөспірім сол бойда өзіне қол жұмсамақ болған. Тоғызыншы сынып оқушысы үшінші қабаттан секіріп үлгерместен тоқтатылды.

Еске сала кетейік, оқиға 13 наурызда Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM мектебінде болды. Бірінші ауысымда оқитын 9-сынып оқушысы сол күні мектепке түстен кейін келген. Қолда бар мәліметтер бойынша, ол «көзілдірігімді ұмытып кетіппін» деп түсіндірген және мектеп формасыен келгесін ішке кіруге рұқсат берілген. 

Шабуыл сабақ арасындағы үзіліс кезінде жасалды. Куәгерлердің айтуынша, бір топ оқушы қыз мұғалімнен ұялы телефондарын алуға бара жатқа, бірақ олардың бірі артта қалып қойып, сол сәтте шабуылға ұшыраған.

Нәтижесінде 8-сынып оқушысы мойын, кеуде тұсы және қолынан ауыр жарақат алды. Ол ауруханаға жеткізілді, кеуде тұсының ауыр жарақатына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылып, кейін хирургия бөліміне ауыстырылды.

— Бүгінгі таңда жағдайы тұрақты, орташа ауыр деп бағаланып отыр, — деп хабарлады облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Ержан Есболов.

Оқиғадан кейін ата-аналар арасында үрей туып, көбі балаларын үйлеріне алып кеткен. Әлеуметтік желіде зардап шеккен қызды жедел жәрдеммен алып бара жатқан видеоның таралуы жағдайды ушықтыра түскен.

Мектеп әкімшілігі жасөспірімнің есепте тұрмағанын және бұрын агрессивті мінез көрсетпегенін хабарлады. Тек оқу үлгерімі нашар болғаны айтылды.

— Оқушы тек үлгерімі нашар балалардың тізімінде болды. Психикалық ауытқу немесе тәртіп бойынша ешқандай ескерту болған жоқ. Оның қолында не болғанын — пышақ па, әлде қайшы ма — айта алмаймын, тергеу амалдары жүріп жатыр, — деді «BINOM Atyrau» ЖШС директоры Өнербек Ерғалиев.

Жасөспірім ұсталды, қылмыстық іс қозғалды. Оның ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылды.

Оқиғадан кейін BINOM мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетіні мәлімделді. Кіреберіске металл детекторларын орнату мәселесі қарастырылып жатыр. Оқу орнында Астанадан келген комиссия өкілдері жұмыс істеп жатыр, тексеру мен тергеу шаралары жүргізілуде.

Өз ақпарымыз

Бүгін, 09:14

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью