Биометриялық деректер енді ресми түрде дербес дерекке кіреді

13.03.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Сурет: freepik

Қазақстанда дербес деректерге қол жеткізуді бақылау жөніндегі мемлекеттік сервис жұмысына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kazinform.

Жаңа ережелерге сәйкес «дербес деректер» ұғымы нақтыланып, енді оған электрондық, қағаз және өзге тасымалдағыштағы ақпаратпен қатар биометриялық деректер де кіреді. Сонымен бірге «дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу» деген жаңа ұғым енгізілді. Ол деректерді меншік иесі немесе оператордың қатысуынсыз ақпараттық жүйелер арқылы өңдеуді білдіреді.

Қағидаларға сәйкес сервис мынадай процестерді автоматтандырады: деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру немесе бас тарту, бұрын берілген келісімді қайтарып алу, деректермен жасалған әрекеттер туралы хабардар ету, сондай-ақ келісімі бар операторлар мен меншік иелері туралы ақпарат ұсыну.

Қол жеткізу механизмдері де нақтыланды: проактивті қызметтерде сауал/жауап алмасу, келісімсіз қол жеткізу жағдайында протоколдау режимі және SMS-хабарламалар арқылы келісім алу тәртібі қарастырылған.

Бұл өзгерістер азаматтардың жеке деректерін қорғауды күшейтіп, келісім беру және қайтарып алу процесін жеңілдетуге бағытталған.

Бүгін, 12:14

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью