Биотехнологиялық ғылыми зерттеулердің нәтижесі қандай?

06.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде Микро­балдыр­лар мен цианобактерияларды зерттейтін ғылыми орталық жұмыс істейді. Бұл «AlgaBioTech» қазақ-жапон-қытай халықаралық ғылыми зерттеу орталығында орналасқан.

«AlgaBioTech» орталығының негізін қалаушы, әрі жетекшісі – биология ғылымының докторы, профессор Болат­хан Заядан. Әлемнің көп­теген ғы­лыми зерт­теу институ­тында микро­бал­дыр­лар мен циа­но­­бактериялар­ды өсіретін био­банк­тер кең тарал­ған. Профес­сордың айтуынша, олардың 20-ға жуығында мәлі­мет базасы немесе штамм тізімі интернет арқылы әрі коммерция­лық негізде ғана қолжетімді. Ал елі­мізде фототрофты микроорганизмдер коллекциясының рес­ми тіркелген биобанкі жоқ. Құн­ды қосылыстардың про­ду­цент­тері микробалдырлар мен цианобактериялардың жо­ғары өнімді штамдарының генофондын сақтау үшін коллек­цияның биобанкін құру уақыт күттір­мейді. Өйткені әлемде күр­делі экологиялық ахуал белең алып отыр. Мұндай жағдайда ғалым­дардың ізденісі мен зерттеулері флора мен фаунаны сақтап қалуда айтарлықтай маңызға ие.

Осы фотобиотехнология зертханасының базасындағы фототрофты микроорганизм­дер­­дің экологиясы және биотех­нологиясы бағытындағы ғы­лыми зерттеулер, профессор Болатхан Қазыханұлының бас­та­масымен қолға алынған. Бүгін­де олар әлемдегі ең ірі ғылыми ор­талықтарымен бірлесіп, зерттеу жүргізеді. Қазір профессордың жетекшілігімен қолданбалы зерттеулерде пайдалану мақсатында микробалдыр, цианобактерия коллекциясының биобанкін құру және олардың биотехнология­лық әлеуетін зерттеу бағытында ғылы­ми жобалар іске асып жатыр. Бұл жобаларды теңдесі жоқ бастама деуге негіз бар. Өйткені бастама фототрофты микроорганизмдер­дің генетикалық қорын сақтау мен оларды биотехнология мен биоөндіріс саласында тиімді пай­далануға жол ашады.

Орталықта «AlgaBioTech» ға­лым­дары құрған микробалдырлар дақылдарының (ССKazNU) коллекциясы бар. Бұл коллекция­да еліміздің түрлі экожүйелері­нен бөлініп, шетелдік ғылыми орталықтардың коллекцияларынан енген 60-тан аса микро­­бал­дыр мен цианобактерия штам­дары сақталған. Қазір зертханада микробалдыр, цианобак­­те­рия дақылдарының биотехно­ло­гия­лық әлеуеті «Қолданбалы зерт­теулерде пайдалану үшін микробалдырлар мен цианобактериялар коллекциясының биобанкін құру және олардың биотехнология­лық потенциалын зерттеу» жобасы ­аясында зерттеліп жатыр.

Профессордың сөзінше, циа­­но­­бактериялар мен микро­бал­­дыр­лар бактерияға, саңырау­құлаққа, цитотоксикалық, иммуно­супрес­сивті және аллергияға, сондай-ақ вирусқа қарсы белсенділік көр­сете алатын түрлі биологиялық қасиетімен танымал.

Сондай-ақ орталықта фототрофты микроорганизмдер биотехнологиясы саласында мол тәжірибесі бар Ә.Сәдуақасова, Н.Ақмұханова, Ф.Сәрсекеева, Д.Кирбаева, К.Болатхан, М.Бауе­нова секілді ғалымдар бірнеше гранттық жобаны жүзеге асырып жатыр. Мәселен, биология ғылымдарының кандидаты Нұрзия Ақмұханова микробалдырлар мен цианобактерия­лар биотехнологиялық әлеуетіне қатысты зерттеулерге жетекшілік етеді. Оның айтуынша, бұл ағзалар топырақта, суда кездеседі. Цианобактериялар фотосинтез, азот фиксация үдерістеріне қатысады. Сондықтан олардың осы әлеуетін пайдаланып, топырақтың құнарлығын арттырып, азотпен қанықтыру мақсатында топырақ пен судан таза дақыл ретінде бөліп алу үрдісі өте маңызды. Яғни ғалымдар олардың биоло­гия­лық үдерістерін бақылау ар­қы­лы тыңайтқыш ретінде қолда­нуға бола ма деген сауалға жауап із­дейді. Бүгінде әлем ғалымда­рын цианобактериялардың токсин бөлу үрдісі алаңдатады. Ал профессор-зерттеуші Әсем­гүл Сәдуақасованың жетекші­лігі­мен іске асып жатқан жоба ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұрақ­тылығын арттырып, олар­дың өнімін көбейтетін альго­бак­териялық биологиялық препараттар өндіру технологиясын жасау мен жетілдіруге бағыт­тал­ған. Сонымен қатар PhD, доцент Фариза Сәрсекееваның ғылыми жетекшілігімен цианобактерия штамдары негізінде ауыл шаруашылығында қол­дануға арналған органикалық био­тыңайтқыштар мен өсімдік өсімін рет­тейтін биостимулятор алу бағы­тындағы гранттық жобаның бола­шақта зор пайдасы болмақ.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Банктер кәсіпкерлерге 20 трлн теңге несие берді

Банк • Бүгін, 13:00

Бірінші сынып оқушыларына қосымша қысқы демалыс беріледі

Мектеп • Бүгін, 12:55

Бүгін XXV қысқы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді

Спорт • Бүгін, 12:49

Қазақстан 60 маңызды минералдың 20-сын экспортқа шығаруға дайын

Қазақстан • Бүгін, 12:22

Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 12:06

Петропавлда бір ғана шағын ауданнан 15 наркограффити жойылды

Аймақтар • Бүгін, 11:58

Құлсарыда мектепке балтамен келген 10-сынып оқушысы қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 11:48

Халық тұтынатын көмір 9%-ға қымбаттады

Қоғам • Бүгін, 11:35

Бадам өзеніндегі балықтардың жаппай қырылуына не себеп болды?

Экология • Бүгін, 11:28

Жасанды интеллект отандық өнеркәсіпті қалай өзгертеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:18

Барлық сатылым үшін кешбэк: Қай банктер жомарттық танытады?

Қоғам • Бүгін, 11:08

Тауар өндірушілер тізіліміне өтінім қабылдау жалғасып жатыр

Digital • Бүгін, 10:59

Әлеуметтік зерттеу: Қазақстан халқының 85%-ы жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Бүгін, 10:45

Банктер туралы жаңа заңға байланысты депозиттерге кепілдік беруде не өзгереді?

Банк • Бүгін, 10:32

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью