Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Қазақстанда 1 267 адам оннан аса пәтерге иелік етеді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ хабарлады, - деп хабарлайды TengriHOME.
Қазақстанда 1 267 адам оннан аса пәтерге иелік етеді. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ хабарлады, - деп хабарлайды TengriHOME.
Мемлекеттік корпорация ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша 172 236 адамның екіден көп пәтері бар, ал бестен артық пәтері бар 11 072 адам тіркелген.
"1267 адамның 10-нан аса пәтері, 281 адамның 20-дан аса пәтері және 74 адамның 50-ден аса пәтері бар. Бір жеке тұлғаның атына тіркелген пәтерлердің ең көп саны – 1015", - делінген TengriHOME сауалына берілген жауапта.
Сондай-ақ, ел бойынша барлығы 3 470 289 пәтер бар екені хабарланған.
Айта кетерлігі, өткен аптада Ұлттық статистика бюросы 2025 жылы Қазақстандағы тұрғын үй қорының жалпы ауданы 447,3 миллион шаршы метр болғанын хабарлады. Ал бір тұрғынға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз етілу 25,1 шаршы метр (оның ішінде қалаларда - 27,4 шаршы метр, ауылдық жерлерде - 21,3 шаршы метр).
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!