Бір АЭС құрылысына 10 мыңнан астам қызметкер қажет болады: жоспарлар туралы не белгілі

02.11.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстанда бір атом электр станциясын (АЭС) салуға 10 мыңнан аса жұмысшы қажет болады. Бұл туралы Құрылтайдағы Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің кеңейтілген отырысында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сәтқалиевтің сөзінше, мәселе екі энергия блогы бар АЭС туралы болып отыр.

"Кадр қажеттілігін есептеу мәліметтеріне сәйкес, екі энергия блогы бар бір АЭС құрылысы қызған шақта 10 мыңнан аса жұмысшы, ал оны кейін пайдалануға 1,8 мыңға маман қажет болады", - деп келтіреді Сәтқалиевтің сөзін агенттіктің баспасөз қызметі.

Ол Қазақстанда екі АЭС салу жоспарланғанын еске салды. Осыған байланысты нысандар құрылысына да, одан арғы пайдалану жұмыстарына да тартылатын мамандарды алдын ала даярлау қажет.

Осы мақсатта Үкімет 2026 жылғы 23 қыркүйекте Атом саласы үшін кадрлар даярлаудың 2027–2031 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Құжат білім беру бағдарламаларын жетілдіруді, оқыту мен тағылымдама ұйымдастыруды, оқу инфрақұрылымын және халықаралық ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

АЭС құрылысына Қазақстанның қатысуы

Алмасадам Сәтқалиев атом электр станцияларының құрылысына отандық кәсіпорындардың қатысуына жеке тоқталды. Оның айтуынша, алғашқы АЭС жобасын іске асыру кезінде жергіліктендірудің нысаналы көрсеткіші 30 пайыз деңгейінде белгіленген.

Бұл мақсатқа жету үшін төрт бағыт бойынша 22 іс-шараны қамтитын кешенді жоспар бекітілді. Олардың қатарында қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін талдау, жұмыс істеп тұрған зауыттарды жаңғырту, жаңа өндірістер ашу және цифрлық технологияларды енгізу бар.

Уранның стратегиялық резерві

Сонымен қатар агенттік басшысы мемлекеттік стратегиялық уран резервін құру жоспары туралы айтты.

Қазақстанның атом саласын дамытудың 2050 жылға дейінгі стратегиясына сәйкес, елде кемінде 150 мың тонна уран резервін жасақтау қарастырылған. Сәтқалиевтың айтуынша, болашақ резерв қазақстандық атом электр станцияларын және ядролық-отын циклінің перспективті өндірістерін отынмен қамтамасыз етуі тиіс.

Бұл ретте мәселе уран қорын жер қойнауында сақтау туралы ғана емес, табиғи уран мен дайын ядролық отынның физикалық қорын қалыптастыру туралы болып отыр.

Қазір агенттік елдің атом энергетикасының ұзақ мерзімді қажеттіліктерін ескере отырып, мұндай резервті құру тетіктерін пысықтап жатыр.

Күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылы “Балқаш“ АЭС құрылысын бастауды ұсынды.

Еске сала кетейік, бірінші АЭС құрылысы 2024 жылғы 6 қазанда өткен референдумда қолдау тапты. Референдумға қатысқан қазақстандықтардың 70 пайыздан астамы "иә" деп дауыс берді.

2026 жылғы қыркүйекте Қазақстан тарабы "Росатом" құрылымына кіретін компаниямен "Балқаш" станциясын жобалау, жабдықтар жеткізу және салу туралы келісімшартқа қол қойды. Екінші АЭС-тің алдын ала атауы - "Мойынқұм". Бұған дейін оны Алматы облысының Жамбыл ауданында салу жоспарланғаны хабарлаған болатын.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью