Бір айда 19 мың автокөлік: елде жеңіл көлік өндірісі 38% ға артты

20.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда жеңіл автокөліктердің өндірісі бір жылдың ішінде 38 процентке артты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Биыл қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік шығарылды. Бұл 2025 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 38%-ға артық.

"Қыркүйек айында 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 66,4 пайызға, ал ағымдағы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35,5 пайызға көп", - делінген ресми хабарламада.

Бүгінде Қазақстанда 12 кәсіпорын автокөлік шығарады. Басым бөлігі Алматы қаласы (50,5%) мен Қостанай облысында (49,5%) өндіріледі.
Биыл тоғыз айдың ішінде автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 1,67 трлн теңгеге жетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью