Бір айда 3 мыңнан астам шетелдік Қазақстан шекарасында заң бұзған

01.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қыркүйектегі нәтижелерін жариялады.

"Шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамаларын бұзған 4 138 адам ұсталды, оның ішінде 3 502 шетел азаматтары бар.

Сонымен қатар 2,5 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 фактінің алды алынды, оның ішінде:

37 факті – есірткі заттары;

62 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 дана травматикалық қару, 2 дана газ қаруы, 77 дана оқ-дәрі);

816 факті – көлемі 80 тоннадан асатын мөлшерде ЖЖМ, жалпы сомасы 24,1 млн теңге;

549 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

134 факті – сомасы 1,2 млрд теңгеден астам валюта.

Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысу бойынша 48 фактінің алды алынды, 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана (840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алды алынған шығын сомасы 350 млн теңгеден астамды құрады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте, дейді комитетте.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью