Бір айда 88 мыңнан астам қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған

20.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, бір айда шетелдік туристердің саны 6,9%-ға өсті. Саяхатшылардың көбі Қырғызстан (232,1 мың адам), Тәжікстан (98,6 мың адам) және Қазақстаннан (88 мың адам) келген.

Сондай-ақ, Сауд Арабиясы, (62,6 мың адам), Ресей (32,2 мың адам) және Түркия (17,2 мың адам) азаматтарының үлесі басым.

Комитеттің мәліметінше, саяхатшылардың көбі Ташкент, Самарқанд, Бұхара және Хиуа қалаларының көрікті жерлерін аралаған.

Еске салайық, былтыр 11 айда 2,5 млн қазақстандық Өзбекстанға саяхаттап барған.

Қоса кетсек, таяуда Өзбекстан Мемлекеттік кеден комитетінің Стратегиялық жоспарлау және кедендік рәсімдерді оңтайландыру басқармасының бастығы Фарход Олимжонов Kazinform агенттігіне сұхбат беріп, саяхатшылар қаперде ұстауы тиіс ережелерді айтқан еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью