Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Шекара кеңістігінде алты мыңға жуық адам Қазақстан заңнамаларын бұзғаны анықталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Соның ішінде 4 907 шетел азаматы бар.
Сонымен қатар мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089 фактісінің алды алынды, соның ішінде:
30 факті – есірткі заттары;
68 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (5 бірлік пневматикалық қару, 130 бірлік суық қару, 228 бірлік оқ-дәрі);
1 061 факті – көлемі 159 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары;
751 факті – жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
179 факті – сомасы шамамен 1,5 млрд теңгені құрайтын шетел валютасы.
"Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 61 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді. Алдын алынған шығын сомасы 561 млн теңгеден астамды құрады", - деп жазылған хабарламада.
Анықталған заң бұзушылықтар аясында 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ 40 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 886 әкімшілік іс өндірісте.