Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың қаңтар айындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері 126 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген, оның 110-ы жемқорлық сипатына ие. Қылмыстардың ішінде ең көп тараған түрлері — парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану.
ҰҚК хабарлағандай, жүргізілген іс-шаралар аясында 89 тұлғаның заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды. Есепті кезеңде 129 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 121-і сотқа жолданды.
«Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған шығын сомасы 18 млрд теңгені құрады, оның 100 млн теңгеден астамы бюджетке қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда», — делінген ресми хабарламада.