Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: ТЖМ
Тіркелген өрттердің 9-ы әкімдіктерге қарасты орман шаруашылығы мекемелерінде, ал 34-і мемлекеттік орман қорының аумағында болған.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, өрт ошақтарының басым бөлігі әуе патрулі арқылы анықталған.
«Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы барысында дер кезінде анықталып, жедел әрекет ету нәтижесінде қысқа уақыт ішінде оқшауланып, толық сөндірілді», делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада үш күн бұрын қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тілсіз жаумен күреске 120-ға жуық жеке құрам мен 150 бірлік техника жұмылдырылған.