Бір аптада жол жағдайына қатысты 44 мыңнан аса өтінім түскен | Qazaq24.com
Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
2026 жылғы 12-18 қаңтар аралығында 1403 байланыс орталығының операторлары республикалық жолдарға қатысты 44 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді.
Жүргізушілер көбіне жолдарда қозғалысқа шектеу бар-жоғы, бұзылған көліктерді сүйреуге көмек көрсету, ақылы жолдардың төлемі және басқа да маңызды мәселелер бойынша хабарласты.
— Азаматтарға қолайлы әрі жедел ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню (IVR) жүйесі іске қосылған.
Осы жүйенің көмегімен 13 386 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделсе, операторлар 29 439 қоңырауға жауап берді.
Сондай-ақ, мессенджерлер арқылы 1 269 өтінім қабылданды. Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Түркістан, Жамбыл және Ақмола об
Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақтылы орындалды, — делінген компания таратқан ақпаратта.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы пайдаланушыларға бірнеше байланыс арналарын ұсынады: — 1403 байланыс орталығы; — www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы; — Telegram бот (@qazavtojolbot,@CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 778 001 1403).
Читать полностью
Читать новость