Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы өтті. Акция аясында 2026 жылы оқитын кітап ретінде көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» кітабы таңдалып, 2026 жылы бүкіл ел осы туындыны бірге оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Акция отырысына Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп төрағалық етті.
«Бұл таңдау – тарихи жадыны жаңғыртып, ұлттық рухты тереңдетуге бағытталған ортақ шешім» деді ол.
Жиында Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Күміс Сейітова сөз алып, акцияның қалыптасу жолына кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапхана мен Қазақстанның кітапханалар қауымдастығының ұйымдастыруымен 2007 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
«Бір ел – бір кітап» акциясы: Биыл қандай шығармалар дауыс беруге ұсынылды?
2007 жылы акция алғаш рет Абайдың қара сөздерін оқудан басталды. Сол күннен бастап қазақ әдебиетінің 50-ден астам ақын-жазушысының үздік шығармалары оқырман қауымына ұсынылды. Атап айтар болсақ, акция аясында Абайдың қара сөздері (2007 жыл), Мұхтар Әуезовтің «Қилы заманы» (2008 жыл), Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері (2009 жыл), Жұбан Молдағалиевтың «Мен қазақпын» кітабы (2010 жыл), Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілегі» (2011 жыл), Оралхан Бөкейдің шығармалары (2012 жыл), Фариза Оңғарсынованың «Дауасы» (2013 жыл), Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» (2014 жыл), Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» (2015 жыл), Дулат Бабатайұлының «Өсиетнамасы» (2016 жыл), Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары (2017 жыл) оқылды. 2018-2025 жылдары Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұясы», Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді» кітабы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы, Әбділда Тәжібаев өлеңдері, Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы», Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының, Төлен Әбдіктің, Бердібек Соқпақбаевтың, Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың шығармалары оқылды.
Айта кетейік, жыл кітабын таңдау жұмысы екі кезең бойынша жүзеге асырылды. Бірінші кезеңде республикалық және өңірлік кітапханалар арасында сауалнама жүргізіліп, оқырман сұранысы мен ұсыныстары негізінде алдын ала кітаптар тізімі құрылды. Ал екінші кезеңде ұсынылған тізім ішінен жыл кітабы таңдалып, бекітілді.
Соңғы жаңалықтар
«Turning points Qazaqstan» журналының алғашқы саны таныстырылды
Білім • Бүгін, 16:58
Қазақстан «Лукойл» компаниясына қатысты АҚШ-қа хат жолдады
Экономика • Бүгін, 16:44
Конституцияның преамбуласы толық жаңартылады
Ата заң • Бүгін, 16:37
Конституциялық реформа: Ата заң мәтінінің 84%-ы өзгереді
Ата заң • Бүгін, 16:20
Қытай телеарнасында Димаш Құдайбергеннің жаңа халықаралық жобасы таныстырылады
Туризм • Бүгін, 16:18
Қаржылық мониторинг агенттігінің бір топ қызметкері мемлекеттік наградамен марапатталды
Президент • Бүгін, 16:03
Тоқаев: Мемлекет қаржысын жымқырушылардың әрекеті еш ақылға сыймайды
Президент • Бүгін, 15:52
Мемлекет басшысы: Агенттік қызметкерлері адал азамат, мықты маман болуға тиіс
Президент • Бүгін, 15:42
Президент: Әлеуметтік салада қалыптасқан қаржылық жағдайды ретке келтіру керек
Президент • Бүгін, 15:32
Мемлекет басшысы алаяқтыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін ойластыруды тапсырды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 15:20
Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр
Президент • Бүгін, 15:15
Президент: Жемқорлыққа бейім адам ешқашан патриот бола алмайды
Президент • Бүгін, 15:03
Тоқаев: Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек
Президент • Бүгін, 14:57
Президент: Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны жымқыратын алаяқтар аз емес
Президент • Бүгін, 14:41
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді
Президент • Бүгін, 14:39