Бір киімді екі бала киіп өстік... : Жігіттер тобының әншісі жан сырын ақтарды (видео)

18.11.2025

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Qazaqstan телеарнасындағы «Бәрекелді» бағдарламасында қонақ болған «Жігіттер» тобының әншісі Мырзахан Маханов еңбекке ерте араласқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Айтуынша, әкесі ерте өмірден өткен. Содан кейін жастайынан еңбекке араласып, аяқтан тұруға талпынған.

«Әкеміз ерте кетті де, біз еңбекке жас кезімізден араластық. Кезінде әкеміз қызғаншақ болып, анамыз жұмыс істемеген. Әкеміз кеткеннен кейін колледждің дипломымен жұмысқа шығуына тура келді. Әйтсе де анамыздың айлығы жетпейтін. Содан біз өз күнімізді өзіміз көруіміз керек деген ұстаныммен кафеге барып ән айттық. Әнді өңдеуді үйрендік. Бір киімді екі бала киіп өстік», - дейді әнші.

Желі қолданушылары еңбекқорлық ең асыл қасиет екенін айтып, әншіге қолдау білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Qazaqstan Ұлттық телеарнасы (@qazaqstantv)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью