Бір күнде төрт өңірде орман өртенді

10.07.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

9 шілде, кешегі күнде Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында төрт орман өрті тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өрт оқиғалары Павлодар облысында, Наурызым мемлекеттік табиғи қорығында, "Баянауыл" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде және "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватында болған.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе патрульдеуі, ерте анықтау жүйелері және мемлекеттік орман күзетінің бақылауы арқылы дер кезінде анықтаған. 

- Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде барлық өрт қысқа мерзім ішінде толықтай сөндірілді. Өртті ауыздықтауға мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері, "Қазавиаорманқорғау" РМК-ның әуе өрт сөндіру десанттары, тікұшақтары мен арнайы техникасы жұмылдырылды, - делінген ведомствоның хабарламасында. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью