Бір минут өмірді сақтап қалуы мүмкін атыраулық өрт сөндіруші қиын жұмыстың екінші жағын көрсетті

31.08.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Әлеуметтік желілерде атыраулық өртсөндіруші Ринат Өтеулиевтің видеолары танымалдылыққа ие болып жатыр. Ол кадрларда өз жұмысын бүкпесіз көрсеткен: шақыртуға шығу, лаулаған жалын және құтқарушылардың шаршаған сәттері. Tengri Life Ринатпен байланысқа шығып, құтқарушылардың күнделікті тыныс-тіршілігі және оның бұл мамандыққа қалай келгені туралы білді.

"Әр секунд маңызды"

Ринат Өтеулиевтің видеолары бізге Instagram-нан кездесті. Оның парақшасында өрт, будақтаған түтін, құтқарушылардың жұмысы мен әдетте жаңалықтар сюжетінен тыс қалатын кадрлар жинақталған.

Бейнежазбада өртсөндірушілер санаулы минуттарда оқиғаның қақ ортасына жетіп барады.

Атыраулық өртсөндірушілер. Фото Instagram/uteulievvv парақшасынан

Бәрі қалай басталды?

Жалпы, Ринаттың мамандыққа деген қызығушылығы мектеп қабырғасында басталған. Өртке қарсы қызмет мамандары сабаққа келіп, құтқарушылардың жұмысы туралы айтып беретін. Сол кезде Ринат алғаш рет өмірін осы саламен байланыстыруды ойлайды.

2020 жылы мектепті бітіріп, ҰБТ тапсырып, институтқа оқуға түседі. Ал 2024 жылы Азаматтық қорғау академиясын тәмамдайды.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rinat Uteuliev (@uteulievvv) жарияланымы

Бүгінде ол өз таңдауына еш өкінбейтінін айтады:

"Өртсөндіруші болу – бұл жай ғана жұмыс емес. Бұл – сенің таңдаған жолың, жауапкершілік және халыққа қызмет ету. Бүгінде осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Өйткені біздің жұмысымыздың басты нәтижесі – аман қалған адам мен жұртшылықтың қауіпсіздігіне қосқан үлес".

Өртсөндірушінің күнделікті жұмысы қалай өтеді?

Ринат қазір Атырау Төтенше жағдайлар басқармасының № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

Атыраулық өртсөндіруші Ринат Өтеулиев (ортада) әріптестерімен бірге. Фото Instagram/uteulievvv парақшасынан

Оның жұмыс күні таңғы 7:30-да басталады. Жарты сағаттан соң – сапқа тұру, содан кейін жауынгерлік кезекшілік басталады. Өртсөндірушілер уақытының көп бөлігінде жаттығады, теорияны оқиды, нормативтерді орындайды және өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын өткізеді.

Дабылдың қашан соғылатыны белгісіз. Бірақ олар әрқашан дайын.

"Біз үшін тек жылдамдық қана емес, сонымен қатар әрбір әрекеттің дұрыстығы мен қауіпсіздігі маңызды. Осындай ірі өрттер кезінде жағдайдың қаншалықты күрделі екенін бірден түсінесің. Өрттің ауқымы, жоғары температура, қою түтін, көрудің шектелуі – мұның бәрі барынша жинақылықты талап етеді", – деп түсіндірді ол.

Дабыл белгісінен кейін өртсөндірушілердің жиналуға, жауынгерлік киімдерін киюге және жолға шығуға санаулы секундтары ғана бар.

Ринаттың бөлімінде шақырту түскеннен кейін бір минутқа жеткізбей шығуға тырысады.

"Шақырту түскенде әр секунд маңызды. Дабылдан кейін жеке құрам өте қысқа уақыт ішінде жиналып, жауынгерлік киімдерін киіп, техникаға отыруы тиіс. Біздің бөлімде шақырту түскеннен кейін бір минуттан кешіктірмей шығуға тырысамыз. Өйткені өрт кезінде тіпті бір минут адам өмірін құтқаруға әсер етуі мүмкін", – деді ол.

Кейде шақыртулар бірнеше сағатқа созылады. Ринаттың есінде қалған сондай оқиғаның бірі Атырау мұнай өңдеу зауытында болған.

Атыраулық өртсөндірушілер. Фото Instagram/uteulievvv парақшасынан

Кей видеоларда оның әріптестері жерге жүрелей отырып, бастарын төмен салған сәттері көрсетіледі. Бұл уақытта басқалары оларға шлангтан су шашады. Осылайша олар өрт ошағындағы жұмыстан кейін күйе мен қақты шайып, формаларын суытуға тырысады.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rinat Uteuliev (@uteulievvv) жарияланымы

Бұл видеоға былай жазылған:

"Дене шаршаса да, рух сынған жоқ".

Өртсөндіруші видеоларында әрдайым бір көрініс: жалын және оны сөндіруге тырысқан құтқарушылар.

Атыраулық өртсөндіруші. Фото Instagram/uteulievvv парақшасынан

Қорқыныш, эмоция және жауапкершілік туралы

Мұндай видеолар сыртында Ринаттың өзі айтқандай қорқыныш сезімі қалады. Бірақ оқиға орнында эмоцияға жол жоқ. Әркім өз міндетін біледі, ал бір адамның әрекетіне өзгелердің өмірі байланысты болуы мүмкін.

"Әрине, ауыр жағдайлар адамға әсер етпей қоймайды. Кейбірі жадта қалып қояды. Бірақ шақырту кезінде эмоцияға берілуге болмайды және сабыр сақтау керек. Ол сәтте бірінші орында – міндет, бөлімшенің және адамдардың қауіпсіздігі тұрады. Шақыртудан кейін болған жайтты әріптестермен талқылау да маңызды. Өйткені бір-бірімізді түсіну және қолдау – біздің жұмысымыздың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі", – дейді Ринат.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Rinat Uteuliev (@uteulievvv) жарияланымы

Болашақ құтқарушыларға кеңес

Ринаттың бейнероликтерін күнделікті өмірде сирек көрінетін қырларды ашып көрсетеді. Десе де, өртсөндірушінің өзі бұл кәсіпті тым әспеттемеуге шақырды.

Азаматтық қорғау саласында қызмет етуді ойлап жүргендерге ол алдымен мұндай жұмысқа дайындығын шынайы бағалауға кеңес берді.

"Егер жастар арасында азаматтық қорғау саласында қызмет етуді жоспарлап жүргендер болса, мен ең алдымен бұл мамандықтың тек сырт көзге көрінетін ерлік қана емес екенін айтқым келеді. Бұл - үлкен жауапкершілік. Мұнда темірдей тәртіп, физикалық дайындық, білім, төзімділік және ең бастысы - адам өмірі үшін жауапкершілік қажет", - деді ол.

Ринаттың айтуынша, бұл мамандық адамдарға көмектесуге, командада жұмыс істеуге және үнемі үйренуге дайын жандарға арналған.

"Ең бастысы - әркім өзінен: "Мен біреудің өмірін құтқару жауапкершілігін арқалауға дайынмын ба?" деп сұрауы керек. Егер жауап "иә" болса, бұл мамандыққа келуден қорықпау керек".

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью