Бір оқушының тамақтануының орташа құны қанша

03.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жауабында айтылған.

— Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, өңірлер арасында да, жекелеген облыстардың ішінде де азық-түлік өнімдері бағасының деңгейінде едәуір айырмашылық бар екені байқалады. Мектептегі тамақтандырудың құны өңірдің ерекшеліктері мен оның экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып қалыптастырылады. Білім беру ұйымдарында сатылатын тағамдар мен өнімдердің құны қағидаларға сәйкес және ағымдағы инфляция деңгейін ескере отырып айқындалады, — деді вице-премьер.

Оның дерегінше, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жергілікті атқарушы органдар баға динамикасы мен статистикалық деректер негізінде мектептегі тамақтану құнын қайта қарады.

— Тамақтанудың орташа құны бір білім алушыға 775 теңге (2024 жылдың басында — 635 теңге, 2025 жылы — 697 теңге). Бұл көрсеткіш жыл сайын инфляция деңгейіне сәйкес индекстеледі. Сонымен бірге, Кәсіпкерлік кодекске сәйкес (17-бап) қазақстандық өндірушілерді қолдау, атап айтқанда отандық тауарлар мен қызметтердің өндірісін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары қарастырылған. Қағидаларға сәйкес өнім берушіні таңдауда соңғы жеті жылдағы тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі ескеріле отырып, жергілікті азық-түлік өндірушілеріне басымдық беріледі, — деді Серік Жұманғарин.

Бұған дейін еліміздегі мектептерде тамақтану талаптары жаңартылған еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью