Бір палаталы Парламентте барлық заң үш оқылымнан өтетін болуы мүмкін

26.01.2026

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бір палаталы Парламентте барлық заң 3 оқылымнан өтпек.

Комиссия отырысында осындай ұсыныс айтылған болатын. Бүгін жиында сөз алған Мәжіліс депутаты, «Аманат» партиясының фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев алғашқы 2 оқылым ашық талқыланса, соңғысында заң жобасының Конституцияға, еліміздің ұлттық заңдарына сәйкестігі пысықталатындығын айтты. Бұл ретте лобби, жеке мүдде және мемлекеттік саясатқа кереғар ұсыныстарға толығымен тосқауыл қоюға болады, дейді мамандар. Конституциялық комиссияның үшінші отырысы барысында мінберден 20-ға жуық адам сөз алып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью