Бір қой үшін миллион доллар Қырғызстанда таңғажайып мәміле жасалды

21.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қырғызстанда етті-майлы "Арашан" асыл тұқымды бір қой үшін миллион доллар төленді. Мәміле осы тұқымды дамытуға арналған халықаралық фестивальде жасалды, деп хабарлайды Tengri Life.

Іс-шара туралы ақпаратты Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігі растады.

Қой миллион долларға бағаланды

Сатылған қой әйгілі Франкель аталығы желісіне жатады. 2023 жылы қошқарды Қазақстаннан 150 мың долларға сатып алған. Бүгінде оның төлдері әлдеқайда қымбат бағаланып отыр.

Фото: Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі

Мәміле "Арашан" тұқымын дамытуға арналған халықаралық фестиваль аясында жүзеге асты. Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстаннан фермерлер мен мамандар жиналды.

"Арашан" тұқымы қалай пайда болды?

"Арашан" тұқымы Қырғызстанда ресми түрде 2021 жылы тіркелген, алайда оған қатысты селекциялық жұмыс 1970-жылдардан бері жүргізіліп келеді. Бұл тұқымды шығару кезінде Тәжікстаннан әкелінген гиссар қошқарлары мен жергілікті қылшық жүнді қойлар пайдаланылды.

Фото: Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі

Бірнеше онжылдық бойы селекционерлер еттілік және шаруашылық сипаттамалары ең қолайлы жануарларды іріктеп, бірте-бірте жаңа тұқымдық желіні қалыптастырды. Нәтижесінде "Арашан" биік таулы жайылымдарға да, далалы аймақтар жағдайына да бейімделді.

"Арашан" несімен танымал?

Қырғызстан Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, бұл тұқымдас қойлар жоғары ет өнімділігімен және құйрық майының молдығымен ерекшеленеді. Сондай-ақ олар ұзақ қашықтыққа айдауға төзімді және қорада ұстауға қолайлы.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью