Bir Tolqynda: Алматы облысының студент жастары бір алаңда жиналды

15.05.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы облысының студент жастары Bir Tolqynda диалогтық алаңында бас қосты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Облыстағы жастардың белсенділігі, олардың бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту, білім алу мүмкіндіктері, бос уақытта тиімді пайдалану, NEET санатындағы азаматтарды үйлестіру, «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстану тақырыптары кеңінен талқыланды.

Жастармен ашық диалог  Талғар қаласында ұйымдастырылды. Мұндағы жастар тек білім алып қана қоймай, ірі өндіріс орындарында,  орталықтарда белсенді жұмыс істейді. Атаулы қала -  қоғамдық қызметті қатар алып жүрген белсенді азаматтар ортасы.

Шара барысында «Жастар Рухы» төрағасының орынбасары Ержан Хамитов жастарды ел дамуына белсенді араласып, қоғам өміріне өз үлесін қосуға шақырды.

«Бүгінде өңірлік мәселелерді бірлесе талқылап, елдің дамуы мен болашағы үшін ортақ құндылықтарды насихаттау маңызды. Жастар белсенді болудан қорықпауы керек. Қоғамда үнсіз қалмай, игі бастамалардың басында жүру - ел дамуының басты қозғаушы күші. «AMANAT» партиясының Жастар қанаты жас азаматтардың бастамаларын қолдап, олардың қоғамдағы рөлін арттыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра береді», – деді ол.

Сонымен қатар кездесуге қатысқан Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Чемпиондық рух» жобасының амбассадоры Нұрсұлтан Орынбасаров жастармен спорттағы тәртіп, еңбекқорлық және өзін-өзі дамыту тақырыптарында әңгіме өрбітті. Ол Талғар жастарын уақытты тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануға және алға нақты мақсат қоюға шақырды.

Қарасай аудандық мәслихатының депутаты, Алматы облысының еңбек мобильділігі орталығының директоры Абылай Зуайда жастарды еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды игеруге, кәсіби дамуға және мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға шақырды. Сонымен қатар ол жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған жобалар мен бағдарламалар жөнінде ақпарат берді. Ал танымал тиктокер әрі блогер Санжар Жүнісов әлеуметтік желінің мүмкіндіктері, жеке бренд қалыптастыру, аудиториямен дұрыс байланыс орнату және жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру тақырыптарында өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты кеңінен талқыланып, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және қоғамдағы тәртіп пен әділеттіліктің маңызы сөз болды.

Студент жастар спикерлерге өз сұрақтарын қойып, білім беру, жұмысқа орналасу, жастар саясаты, қоғамдық белсенділік және жеке даму бағытындағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Ашық форматтағы диалог жастардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың бастамаларын қолдауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» ұйымдастырып жатқан  Bir Tolqynda диалогтық алаңы еліміздің барлық өңірінде кезең-кезеңімен өткізілетін болады. Алдағы уақытта да оқу орындарында жастармен кездесулер ұйымдастырылып, олардың бастамаларын қолдау мен қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью