Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Петропавлдағы Жұмысшы кентінің тұрғындары жексенбі таңын жағымсыз жағдаймен қарсы алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Таңертең қатты соққының дауысынан оянған жұрт кейін жол апаты болғанын білген.
Алдын ала мәлімет бойынша, такси жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі электр бағанасына соғылған. Соққы салдарынан жоғары вольтты желі тіреуіші толықтай қираған.
Оқиға салдарынан бірнеше кварталдағы 106 жеке үй жарықсыз қалған. СЕВКАЗЭНЕРГО мамандары апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиға орнында зақымдалған бағана бөлшектеліп, жаңа электр желісі орнатылып жатыр. Осыған байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылған. Энергетиктер жарық беру кешке дейін толық қалпына келтірілетінін мәлімдеді.
Бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, тұрғындардың наразылығын тудырды.