Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Мемлекет басшысы Конституцияны Әділетті, Озық, Таза Қазақстанның мызғымас арқауы деп атап, реформа нәтижесінде заң шығарушы орган – Құрылтайдың алғашқы сайлауы өткенін айтты. Оның сөзінше, Құрылтайға халық қолдаған бес партия кірді.
"28 тамыз күні депутаттар өз жұмысына кірісті. Үкіметтің жаңартылған құрамы жасақталды. Вице-Президент тағайындалды. Жаңа мемлекеттік мекеме – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылды. Міне, бүгін Қазақстан Халық Кеңесі де өз қызметін бастап отыр", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл өзгерістердің тарихи мәнін атап өтті.
"Түптеп келгенде, бір жылдың ішінде ұлт тағдырына тікелей ықпал ететін аса маңызды оқиғалар болды. Біз аз ғана уақытта тұтас мемлекет пен бүкіл қоғамның сипатын өзгерткен аса ауқымды реформаларды сапалы жүзеге асырдық", – деді Мемлекет басшысы.