Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
27 тамыз күні Петропавлдағы Тауфик Мұхамедрахимов көшесіндегі кәріз құдығының маңынан әйелдің мәйіті табылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әйелдің мүрдесі біраз уақыт жатып қалған. Сондықтан әзірге оның жеке басын анықтау мүмкін болмаған.
– Тұрғылықты мекенжайы жоқ әйел деп айтуға болмайды. Өйткені мүрденің жанынан телефон мен кілттер табылды. Болжам бойынша, марқұм бұған дейін жоғалып, іздеу жарияланған әйел болуы мүмкін.
Алайда бұл – қарастырылып жатқан нұсқалардың бірі. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, – дейді тәртіп сақшылары.