Бірегей археологиялық жәдігерлер көрмесі

17.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Қазақстан археологиясындағы жаңа ашы­лымдар – 2025» көр­ме­сі­нің ашылуына қатысты.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Ә.Марғұлан атындағы Архео­логия институты және Президент орталығы бірлесіп ұйымдастырған экспозицияның мақсаты – 2025 жылы ел аумағында жүргі­зілген далалық археологиялық зерттеу­лердің нәтижелерін және одан табылған жәдігерлерді жалпы жұртшылыққа кеңінен таныстыру.

Көрме тас дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі хронологиялық ауқым­ды кезеңді қамтып, кейінгі ғылыми зерттеулер нәтижелері арқылы еліміздің ежелгі тарихына қатысты жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

«Мемлекет ұлттық тарихқа ерекше назар аударып отыр. Оны бірегей­ліктің негізгі тіректері­нің бірі ретінде қарас­тырады. Жаңа Конституция жоба­сы­ның преамбуласындағы «Ұлы дала­ның мыңдаған жылдық тарихы­ның сабақтас­тығын сақтап» деген сөйлем – соның айғағы», деді Мемлекеттік кеңесші көрменің ашылу рәсімінде.

Көрмеде алғаш рет көпшілік назарына тас дәуіріне тиесілі бірегей олжалар ұсынылды. Олардың қата­рын­да «Тянь-Шань ориньяк» мәде­­ниеті (ерте палеолит, Жетісу), «Ші­дерті мәдениеті» (кейінгі мезолит, Ертіс маңы) секіл­ді ірі ғылы­­ми жаңа­лық­тар, сондай-ақ Тайсой­ған құм­дарынан (Атырау облысы) та­был­ған энеолит дәуірінің жәдігерлері бар.

Көрменің сақ-сармат кезе­ңіне ар­налған бөлімінде архео­логия­лық деректер арқылы Қазақ­стан аумағындағы көшпелі және оты­рықшы мәдениеттердің қалып­тасу үдерісі көрсетілген.

Орта ғасырға арналған бөлімде қимақ­тар мен оғыздар мәде­ниетіне, сондай-ақ Алтын Орда дәуіріне қатысты жәдігер­лер ұсынылған. Келушілерге Қазақстан аумағындағы орта ғасырға тиесілі қалалық мәде­ниет пен керуен жолдарының, со­ның ішінде Ұлы Жібек жолы тарихын паш ететін материалдар таныстырылған.

«Қазіргі таңда «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жеті томдық академия­лық басылым әзірленіп жатыр. Көрмеге қойылған жәдігерлердің дені, сондай-ақ салада кейінгі жылдары қол жеткізілген жетістіктер мен жаңалықтар аталған еңбек­тің 1 миллион жылдық тарихи кезеңді қамтитын бірінші томына енгізіледі», деді көрме жұмысымен танысқан Е.Қарин.

Интерактивті экрандар ар­қылы археологиялық нысан­дар­дың цифр­лық модельдері, қазба­лардың стратиграфиясы, зерт­ха­налық зерттеулер нәти­желері мен халықаралық жобалар көр­сетілген. Мұндай формат көр­мені жай ғана экспозиция емес, зама­науи технологиялармен толық­ты­рылған ғылыми-таным­дық кеңіс­тік ретінде қабыл­дауға жол ашады.

Көрмеде Ә.Марғұлан атын­дағы Архео­логия инс­титуты­ның ке­йінгі жыл­дары жүргізг­ен зерттеулері­нің нәти­же­лері, сон­дай-ақ еліміз­дің жетек­ші му­зей­лері мен ғылыми ұйым­­дары­ның қорларындағы біре­гей архео­логиялық жәдігерлер ұсынылған. 

Соңғы жаңалықтар

Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

Руханият • Бүгін, 08:15

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 08:10

Өрнекпен өрілген өнер

Өнер • Бүгін, 08:05

«Ажалын жоғалтқан адамның» тұсауы кесілді

Басылым • Бүгін, 08:00

Іле Алатауы саябағында жабайы аң фототұзаққа түсіп қалды

Жануарлар • Кеше

Ұлытау облысында инвестициялық жобалар талқыланды

Инвестиция • Кеше

Жаңа Конституция – әр азаматтың құқығын мемлекеттің басты міндеті ретінде бекітетін құжат

Ата заң • Кеше

Риза Сүйіндік: Конституция – билік үшін емес, халық үшін жазылған негізгі заң

Ата заң • Кеше

Ұлытауда «Сағаттар сыры» көрмесі ашылды

Аймақтар • Кеше

Қазақстан құрамасы әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңін алты медальмен аяқтады

Спорт • Кеше

Қызылордада Қорқыт ата университетінің ректоры таныстырылды

Аймақтар • Кеше

Абай ауданында дін мен дәстүрді сабақтастырған орталық ашылды

Дін • Кеше

Ибраһим келісімі Қазақстанға қандай пайда береді?

Саясат • Кеше

Еліміздің өнеркәсіптік кәсіпорындары жаңа Конституция жобасын қолдады

Ата заң • Кеше

Нұрлан Имам конституциялық реформа кезеңінде қазақстандықтарды бірлік пен жауапкершілікке шақырды

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью