Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасының оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Бұл іске байланысты журналист Руслан Өтепбай арнайы зерттеу жүргізіп, жаңа бағдарламасы аясында Атырауға барып, оқиғаның мән-жайын анықтауға тырысқан.
Бағдарлама барысында тілші марқұмдардың туыстарымен тілдесіп, олардың уәжін тыңдаған. Күдікке ілінген азаматтың анасы Гүлнәр ұлына тағылған айыпқа сенбейтінін айтты.
"Мен бұған сенбеймін. Балам ондай жауыздыққа бармайды. Туыстарымыз да, жақындарымыз да сенбейді. Біреу айдап салып отырған сияқты. Ортада біреулер бар секілді. Негізі ондай бала емес. Темекі де шекпейді, ішімдік те ішпейді", – деді ол.
Қазіргі уақытта Атырауда жоғалып кеткен отбасының барлық мүшесі толық табылған жоқ. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.