Біреуі кәмелетке толмаған: Шымкентте халықты алдап соққан 10 адамға үкім шықты

20.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Шымкент сотында қаржы пирамидасын ұйымдастырушы мен көмекшілеріне үкім шықты, деп хабарлайды қалалық сот.

Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында он сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бір сотталушы қылмысты кәмелетке толмаған кезде жасаған.

"Сотталушы Қ. 2024-2025 жылдар аралығында аса ірі мөлшерде қаржыны тарта отырып, қаржы пирадимидасын ұйымдастырған. Ол алған ақшаны жоғары пайызбен қайтаратынын айтқан. Сөйтіп 600 млн теңгеден аса ақша қаражаттарын тартқан", - дейді сот.

Оған қоса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында куәгерге жалған айғақ беру үшін оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған.

Қалған тоғыз сотталушы салымшыларға банктік реквизиттерді ұсынған және банктік чектерді қабылдаған. Олар пирамида ұйымдастырушысына белсенді жәрдемдескен.

"Сот басты ұйымдастырушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Бірақ Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігі негізінде жазасын 1 жылдан кейін өтейді", - деп жазылған хабарламада.

Тоғыз сотталушы 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылды. Алты сотталған жазасын үш жылдан кейін өтейді.

Ал қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде кесілген жаза шартты деп белгіленіп, оған 1 жыл пробациялық бақылау тағайындалды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью