Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Біріккен партияның атауы мен төрағасы "Әділеттің" съезінен кейін белгілі болады. Бұл туралы Amanat партиясының хатшысы Александр Данилов мәлімдеді.
"Amanat партиясының съезі бүгін өтті. Осындай шешім қабылданды. Менің білуімше, "Әділет" партиясының съезі жексенбіде өтеді. Сондықтан бәрі сол кезде белгілі болады", - деді Данилов.
Ол сондай-ақ бұл Amanat партиясының "Әділетке" қосылуы емес, екі партияның бірігуі екенін нақтылады.
"Әділет" партиясының съезі 14 маусымға жоспарланған.
Еске сала кетейік, бүгін Amanat партиясының съезінде қатысушылар "Әділет" партиясымен бірігу туралы шешімді бірауыздан мақұлдады.