Бірінен соң бірін жұтқан: Шымкентте ер адам бәстесемін деп 26 қалам жұтып, ауруханаға түсті

15.10.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Шымкентте ер адам бәстесемін деп 26 қалам жұтып тастаған. Біраз уақыт өткен соң оның асқазаны мен ішек тұсы қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. 

38 жастағы науқасты тексеру кезінде дәрігерлер оның асқазанынан көптеген бөгде зат тапқан. Мамандар эндоскопиялық (тілусіз) ота жасап, барлығы 26 қаламды сәтті алып шықты.

Қазір науқастың жағдайы қанағаттанарлық, ол бақылаудан кейін үйіне жіберілді.

Дәрігерлер азаматтарға денсаулыққа қауіп төндіретін әрекеттерге бармауды және бөгде заттарды әдейі жұтпауды ескертеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью