Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бұл турдың екінші ойын күнінде «Тараз» өз алаңында Павлодар облысының «Батыр» командасын қабылдады. Тараздық команда биыл Бірінші лигада үздік атануды алдына мақсат етіп отыр. Сондықтан әрбір кездесуде жеңіске жетуді қалайды. Команда құрамына көптеген тәжірибелі футболшылар тартылды.
Кездесу барысында олардың қатарынан Ерсұлтан Төреқұл 79, 90-минутта мергендік танытса, павлодарлық клубтан Илья Демин, 78-минутта автогол соғып алды.
Сондай-ақ бүгін «Қайрат-Ж» (Алматы) мен «Шахтер» (Қарағанды) 0:0, «Астана-Ж» — «Ақтөбе-Ж» 2:2 есебімен тең ойнады.
Бұл турда 2 сәуірде Шымкенттің «Оңтүстік Академия» түркістандық «Тұранды» 2:1, Оралдың «Жайығы» Түркістан облысының «Арысын» 1:0 есебімен жеңсе, «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Каспий-Ж» (Ақтау) 2:2, «Тобыл-Ж» (Қостанай) мен «Елімай-Ж» (Семей) 1:1 есебімен тең түсті.
Енді алдағы тур ойындары 16 және 17 сәуір күндері өткізіледі.
Алдымен 16 сәуірде «Каспий-Ж» мен «Қайрат-Ж», «Жайық» пен «Астана-Ж», «Тұран» мен «Арыс» ойнаса, 17 сәуірде «Шахтер» мен «Батыр», «Ақтөбе-Ж» мен «Тараз», «Елімай-Ж» мен «Хан тәңірі», «Оңтүстік Академия» мен «Тобыл-Ж» ойнайды.