Бірінші лига: Тұран мен Тараз футбол командалары турнир кестесіндегі орнын жақсартты

24.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл турдағы ойындардың бірінде Түркістанның «Тұраны» сырт алаңда Қостанайдың «Тобыл-2» клубымен кім мықтыны анықтады. 

Түркістандық команда бірінші кезеңде қатарынан екі гол соқса, оған алаң иелері бір голмен жауап қайырды. Екінші таймда қарсыластар тағы бір-бір голдан соқты. Осылайша «Тұран» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсті. Нәтижесінде турнир кестесінде 6 ұпаймен түркістандықтар 5-орынға жайғасса, «Тобыл-2» небәрі 1 ұпаймен 13-орында тұр.

Тағы бір кездесуде «Тараз» өз алаңында Семейдің «Елімай-2» клубын 3:0 есебімен жеңді. Алаң иелері бірінші кезеңде қатарынан үш гол соқты. Бұл жеңістен кейін «Тараз» 6 ұпаймен 3-орынға табан тіресе, «Елімай-2» 2 ұпаймен 12-орында келеді.

Дәл қазір «Хан тәңірі» (Алматы) мен «Жайық» (Орал) арасындағы кездесу өтіп жатыр.

Айта кетсек, 23 сәуірде елордалық «Астана-Ж» Шымкенттің «Академия Оңтүстігін», Павлодар облысының «Батыры» ақтаулық «Каспий-Ж» командасын 1:0 тізе бүктірді. Сондай-ақ алматылық «Қайрат-Ж» «Ақтөбе-Ж» клубын 6:0 есебімен жеңсе, дәл сондай есеппен Түркістан облысының «Арысы» өз алаңында қарағандылық «Шахтерге» есе жіберді.

Былтыр Бірінші лигада алғашқы үш орынға ие болған «Каспий» (Ақтау), «Ертіс» (Павлодар), «Алтай» (Өскемен) командалары Премьер-лигаға тікелей жолдама алды. Ал Премьер-лигада соңғы орынды місе тұтқан «Тұран» биыл Бірінші лигада сынға түсіп қалды. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью