Бірінші қылмысымды жасыру үшін : Сұлтан Сарсемалиев туыстарын өлтіруіне не түрткі болғанын айтты

28.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: Ашық дереккөз

Сот тергеуі кезеңінде айыпталушыға тағылған айыптар мен қылмысқа қатысты деректер қайта қаралды. Тергеу мәліметтері бойынша, марқұм Наурыз Мұқанғалиев 10 рет пышақталған, Максот Қарабалин – 9, Насип Утешкалиева – 8, ал Мейрамгүл Қарабалиноваға 32 рет пышақ жарақаты салынған.

Судьяның сұрағына жауап берген Сарсемалиев бұл әрекеттердің бәрін жасағанын мойындады. Алайда Наурыз Мұқанғалиевтің өлімін ол өз-өзін қорғау мақсатында болған деп түсіндіріп, бұл эпизод бойынша айыппен келіспейтінін айтты. Ал қалған эпизодтар бойынша айыпталушы кінәсін мойындап, бұның бәрі алғашқы қылмысын жасыру үшін болғаныдығын айтты.

«Мен оларды Наурыздың өлімін жасыру үшін өлтірдім», деді ол сотта.

Бұған дейінгі сот отырысында Сәрсемалиев қылмысқа отбасылық жанжал түрткі болғанын айтқан болатын. Алайда жәбірленуші тарап айыпталушының бұл уәжіне сенбейтінін жеткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін күдікті өлім жазасына да дайын екендігін мәлімдеген болатын. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью