Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Оқу-ағарту министрлігі бірінші сыныпқа құжат қабылдау кестесін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Құжат қабылдау 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.
Өңірлер бойынша қабылдау мерзімдері:
27 мамыр – 31 тамыз: Астана қаласы, Абай, Жетісу, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстары;
10 маусым – 31 тамыз: Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары.
18 маусым – 31 тамыз: Шымкент қаласы, Алматы, Қостанай, Павлодар және Атырау облыстары;
29 маусым – 31 тамыз: Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары және Ұлытау облысы.
"Құжаттарды электрондық үкімет порталында тіркелу арқылы OQU платформасы арқылы онлайн форматта, сондай-ақ білім беру ұйымдарына тікелей жүгіну арқылы тапсыруға болады", - дейді министрлік мамандары.