Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Кездесу барысында министрлер саяси диалогті дамыту, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық саладағы өзара ынтымақтастықты талқылады. Әсіресе Орталық Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы көлік-логистикалық байланыстарды кеңейту мен өңіраралық ынтымақтастықты нығайту сөз болды.
Сондай-ақ Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты қатынастардың тұрақтылығын атап өтіп, тәжірибелік ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.
«Таиланд – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Осы келіссөздер өзара түсіністіктің жоғары деңгейін және елдеріміздің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға деген ұмтылысын тағы бір мәрте растады», деді Е.Көшербаев.
Келіссөздер барысында, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, цифрландыру, логистика және туризм салаларындағы ынтымақтастық келешегі қаралды. СІМ басшысының айтуынша, еліміз өңірлер арасындағы сауда байланыстарын дамыту мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағытының әлеуетін пайдалануға дайын.
Министрлер, сондай-ақ, халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына бейілдігін растады. Е.Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасын таныстырды.
Келіссөздер қорытындысында Қазақстан мен Таиландтың сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.