Бірлескен жобалар жайы талқыланды

13.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Фото: gov.kz

Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақ­тастықтың өзекті мәселелерін егжей-тегжей талқылады. Әсіресе өнеркәсіп секторындағы, оның ішінде тау-кен металлургия кешені, аса маңызды минералдарды игеру және инфрақұрылымды дамыту бағыттарындағы өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды.

Е.Көшербаев Қазақстанның Сауд Арабиясымен стратегиялық серіктестікті дамытуға басымдық беретінін атап өтіп, осы жылы қол қойылған Қазақстан-Сауд Арабиясы Үйлестіру кеңесін құру, инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімдердің маңызын атап өтті.

Тараптар тау-кен өнеркәсібі мен аса маңызды минералдар саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру, сондай-ақ саудиялық компаниялардың Қазақстандағы инвестициялық бастамаларға қатысу мүмкін­діктерін талқылады.

Сондай-ақ кездесу барысында су қауіпсіздігі мәселелері де қозғалып, халықаралық су ынтымақтастығын дамыту келешегі қарастырылды.

Өз кезегінде Б.Әл-Хорайеф екіжақты күн тәртібінің барлық бағыты бойынша практикалық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға мүдделілігін білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екенін растады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью